Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Балауса"бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы :
8(72637) 24-1-77
Әдіскер :
+77713017504
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Сиқырлы пішіндер"
09
октябрь
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Сиқырлы пішіндер"
Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымд арын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
"Әжемнің ертегісі" -Өнегелі 15 минут
07
октябрь
2025
"Әжемнің ертегісі" -Өнегелі 15 минут
Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту мақсатында кіші топ балаларына аналар ертегі оқып берді.  Ертегі оқу арқылы балалардың ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрыпты, тәрбиелік пен сыйластық туралы түсініктерін қалыптастырды. 
Әдістемелік кеңес
17
сентябрь
2025
Әдістемелік кеңес
Тақырыбы: «2025-2026 оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты бойынша өзгерістерімен толықтыру туралы ақпарат» Міндеті: - озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату; жарияланымдарды дайындау; - бақылау және басшылықты дайындау және педагогткалық кеңес, семинарлар, конкурстар, байқаулар өткізу; - педагогикалық инновациялар банкін қалыптастыру; - білім беру процесін, бағдарламаларды, бірлестік қызметінің формалары мен әдістерін, педагогикалық қызметкерлердің шеберлігін жетілдіру.  
"Менің тобымның кітап бұрышы"
16
сентябрь
2025
"Менің тобымның кітап бұрышы"
Міндеті: балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітапқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, тіл мәдениетін арттыру, ой-өрісін дамыту.
Саяхат: "Менің болашақ мектебім"
03
сентябрь
2025
Саяхат: "Менің болашақ мектебім"
Сабақтастық мақсаты: екі буын арасында тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі сатылы дамыту. Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктермен таныстыру. Тәрбие мен білім беру мазмұнын тиімді әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен бөбекжай тәрбиешілерінің әдістемелік өзара әрекеттестігін сан алуан формалары арқылы жүзеге асыру. Тәрбиешілер және бастауыш сынып ұстаздарының өзара тығыз қарым -қатынасын орнату
"Білімнің  бастауы балабақшада"
02
сентябрь
2025
"Білімнің бастауы балабақшада"
Балаларды 1 қыркүйек білм күнімен таныстыру. Білмді бала ақылды бала екенін түсіндіру. Балалар және ұстаздар үшін үлкен мереке екенін түсіндіру. Өз отанына, балбақшаға деген сүйіпеншіліктерін арттыру.
№1 Педагогикалық кеңес
28
август
2025
№1 Педагогикалық кеңес
№1 Педагогикалық кеңес. Тақырыбы:"Жаңа оқу жылының жаңалықтары мен бағыты" Міндеті: Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасының негізгі ережелерімен таныстыру, педагогтардың жаңа оқу жылында атқаратын мақсаты мен міндетін айқындау,  "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныса  отырып, тәрбие мен оқыту үрдісінде тиімді қолдану.
"Мерейлі отбасы"
20
август
2025
"Мерейлі отбасы"
" Әке көрген оқ жонар". Міндеті: Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту; Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негізіндеріне тоқталу; Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу  
"Мерейлі отбасы"
20
август
2025
"Мерейлі отбасы"
" Әке көрген оқ жонар". Міндеті: Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту; Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негізіндеріне тоқталу; Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу  
"Су патшалығы"
22
июль
2025
"Су патшалығы"
"Су патшалығы" суреттер байқауы (ата - аналармен бірге) Міндеті: Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Су асты әлемі туралы балаларға түсінік беру.