Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Балауса"бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы :
8(72637) 24-1-77
Әдіскер :
+77713017504
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақтың салт -дәстүрі: "Бесікке салу"
22
январь
2026

Қазақтың салт -дәстүрі: "Бесікке салу"

 Қазақ халқының ежелгі замандардан бері қолданып, пайдаланып келген тұрмыстық бұйымының бірі ретінде бесіктің орны әрдайым ерекше. Бесік – өмірге келген шақалақтың қарақұлақтанып, айналаны танып-білуіне шейінгі ұйықтап демалатын төсегі. Өмірге келген баланы бірнеше күннен кейін бесікке салады. Қазақ халқында «баланы бесікке салу» – қуанышты да жауапты рәсім болып саналады. Өмірге келген бала бірнеше күн анасының баурында ұйықтап, жөргекке құндақталып ұйықтатылып, қоректендіріледі. Бұл кезеңде баланың үлкен-кіші дәреті жөргекті үнемі былғайтындықтан, сәбидің денесі үшін де, оны құрғатып, бағып-күтіп, тамақтандыратын анасы үшін де оңай болмайдық Сол себепті де баланың мазасы кетіп жыламауын, тоңбауын, ыстықтамауын, тағы басқа да жағдайларын ескере отырып, бесіктің гигиеналық, уақытты үнемдеу, қауіпсіздік және т.б. тұрғысында пайдалы екендігін білетін ата-анасы шақалақ нәрестені бесікке салу рәсіміне дайындалатын болған. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив