Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Балауса"бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы :
8(72637) 24-1-77
Әдіскер :
+77713017504
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал азамат" біртұтас тәрбие
Әжемнің ертегісі: "Ғажайып түс"
08
октябрь
2026
Әжемнің ертегісі: "Ғажайып түс"
Баланың қиялын дамыту, сөздік қорын байыту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту, ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап беру, мазмұнын айтып беру арқылы жүйелі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. 
Ұлттық ойындар "Қамшы беру", "Теңге алу"
21
сентябрь
2026
Ұлттық ойындар "Қамшы беру", "Теңге алу"
Мақсаты: Балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру. Адамгершілікке, әділдікке, адалдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу,  о йын арқылы баланың қимыл-қозғалысын, ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін және икемділігін жетілдіру. Зейінін, есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауын дамыту.
Әжемнің ертегісі "Кірпі мен қарға"
10
сентябрь
2026
Әжемнің ертегісі "Кірпі мен қарға"
Баларға Үміткіл әжеміз ертегі оқи отырып баланың ертегіні тыңдай білуіне, мазмұнын түсінуге үйретті. Балалардың ой-қиялы дамыды, тіл байлығы артты.
Әжемнің ертегісі
09
сентябрь
2026
Әжемнің ертегісі
Балаларды ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін түсіне білуге, еңбексүйгіштікке, жалқаулықтың жаман қасиет екенін түсінуге, еңбекке баули отырып, өз ісіне жауапты болуға тәрбиелеу.
"Қыз өссе, елдің көркі..."
14
май
2026
"Қыз өссе, елдің көркі..."
"Әжелер мектебі" аясында "Балауса" бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері жыл бойы салт -дәстүр, әдептілік, мәдениеттілік жайлы тәрбие бергені үшін, өз алтын уқыттарын бөліп бала -бақша тәрбиеленушілеріне өнеге-қасиет айтып адал, мейрімді, инабатты болуға баулығаны үшін ақ жаулықты әжелерге өз өнерін көрсетті. Қыздарымыз би-билеп ән айтты. Өлең жолдарын әжелерге арнады.  Әжелердің алғысына бөленәп, ақ батасын алды.
"Адал азамат" біртұтас тәрбие: ұлттық құндылық -ұлттық тәрбие балабақшада"
27
февраль
2026
"Адал азамат" біртұтас тәрбие: ұлттық құндылық -ұлттық тәрбие
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Адал азамат" біртұтас тәрбие: ұлттық құндылық -ұлттық тәрбие балабақшада" тақырыбында облыстық дөңгелек үстелде  "Балауса" бөбекжай -бақшасының психологі Юсупова Гульвира Тюлюмбековна "Ұлттық ойындар" - тәрбиенің қайнар көзі атты іс-тәжірибесімен бөлісті.
Әжелер мектебі: "Ауылдың алты ауызы"
02
февраль
2026
Әжелер мектебі: "Ауылдың алты ауызы"
Ауылдың алты ауызы — дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты қолқалап, “қонақкәде” айтқызудан бұрын ауыл адамдарының, үй иелерінің өздері айтып беретін өлең-жыры. Қонақ тамақ ішіп, тынығып болған соң ауыл адамдары ауылдың алты ауызы айтып, қонақтың көңілін көтеруге тырысқан да, кезекті қонаққа беретін болған. Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы немесе ертек айтып, “қонақкәдесін” жасауы шарт болған. Кәде орындалған соң ән айту үлесі өнерпаздарға тиіп, отырыс ойын-сауыққа ұласып отырған.
Әжелер мектебі: "Қолөнер - атадан қалған мұра"
09
декабрь
2025
Әжелер мектебі: "Қолөнер - атадан қалған мұра"
Қолөнер – атадан қалған рухани мұра, ол ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан халқымыздың бай мәдениетінің айнасы, эстетикалық қазынасы, оның ішінде зергерлік, ағаш өңдеу, киіз басу, кілем тоқу секілді түрлі бұйымдар арқылы біздің қазіргі ұрпаққа жеткен ұлы мұра болып табылады. Адамзат тарихының басынан бері қолөнер — халықтың өмірімен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты туындаған өнер. Әсіресе, қазақ халқы үшін атадан қалған қолөнер — бұл жай ғана бұйым жасау емес, ол –
Әжелер мектебі: "Ұлттық тағам ұлт қазынасы"
12
ноябрь
2025
Әжелер мектебі: "Ұлттық тағам ұлт қазынасы"
Ұлттық тағамдарды білу, оны дайындау, дастарханға қою – бұл біздің рухани қазынамызды бағалау. Аналар мен әжелердің қолынан шыққан әрбір дәм – олардың мейірімділігі мен асыл ниеті, отбасылық дәстүрлерді сақтауға деген құлшынысы. Ол тағамдар арқылы біз ата-бабаларымыздың өмір салтын, табиғатпен қарым-қатынасын, салт-дәстүрлерін бойымызға сіңіреміз. Мысалы, бесікке бөленген сәбиге берілетін алғашқы ас, тойлардағы салтанатты дастархан, қонаққа арналған ерекше тағамдар – бәрі де біздің ұлттық
"Әжемнің ертегісі" -Өнегелі 15 минут
07
октябрь
2025
"Әжемнің ертегісі" -Өнегелі 15 минут
Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту мақсатында кіші топ балаларына аналар ертегі оқып берді.  Ертегі оқу арқылы балалардың ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрыпты, тәрбиелік пен сыйластық туралы түсініктерін қалыптастырды.