09
декабрь
2025
Әжелер мектебі: "Қолөнер - атадан қалған мұра"
Қолөнер – атадан қалған рухани мұра, ол ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан халқымыздың бай мәдениетінің айнасы, эстетикалық қазынасы, оның ішінде зергерлік, ағаш өңдеу, киіз басу, кілем тоқу секілді түрлі бұйымдар арқылы біздің қазіргі ұрпаққа жеткен ұлы мұра болып табылады. Адамзат тарихының басынан бері қолөнер — халықтың өмірімен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты туындаған өнер. Әсіресе, қазақ халқы үшін атадан қалған қолөнер — бұл жай ғана бұйым жасау емес, ол – бабалар аманаты, тарихы, дүниетанымы және әлемді қабылдау мәнері. Бұл мұра біздің әрбір бұйымымыздан көрініс тауып, ұлттық рухымызды сақтайды.

