Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Балауса"бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы :
8(72637) 24-1-77
Әдіскер :
+77713017504
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әжелер мектебі:  "Ауылдың алты ауызы"
02
февраль
2026
Әжелер мектебі: "Ауылдың алты ауызы"
Ауылдың алты ауызы — дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты қолқалап, “қонақкәде” айтқызудан бұрын ауыл адамдарының, үй иелерінің өздері айтып беретін өлең-жыры. Қонақ тамақ ішіп, тынығып болған соң ауыл адамдары ауылдың алты ауызы айтып, қонақтың көңілін көтеруге тырысқан да, кезекті қонаққа беретін болған. Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы немесе ертек айтып, “қонақкәдесін” жасауы шарт болған. Кәде орындалған соң ән айту үлесі өнерпаздарға тиіп, отырыс ойын-сауыққа ұласып отырған.
Қазақтың салт -дәстүрі: "Бесікке салу"
22
январь
2026
Қазақтың салт -дәстүрі: "Бесікке салу"
 Қазақ халқының ежелгі замандардан бері қолданып, пайдаланып келген тұрмыстық бұйымының бірі ретінде бесіктің орны әрдайым ерекше. Бесік – өмірге келген шақалақтың қарақұлақтанып, айналаны танып-білуіне шейінгі ұйықтап демалатын төсегі. Өмірге келген баланы бірнеше күннен кейін бесікке салады. Қазақ халқында «баланы бесікке салу» – қуанышты да жауапты рәсім болып саналады. Өмірге келген бала бірнеше күн анасының баурында ұйықтап, жөргекке құндақталып ұйықтатылып, қоректендіріледі. Бұл кезеңде
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ғажайып қыс"
21
январь
2026
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ғажайып қыс"
 Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:  "Ажарлы қыс"
08
январь
2026
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ажарлы қыс"
     «Ажарлы қыс»үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрету,  әртүрлі оын арқылы балалардың қимыл –қозғалысын дамыту, мүсіндеу кезінде қол моторикасын , балаларды бірігіп ойнауға , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Үй жануарлары"
02
декабрь
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Үй жануарлары"
Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу. Сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ұқсас затты жапсыр"
14
октябрь
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ұқсас затты жапсыр"
Қол моторикасын, ептілікті дамыту. Ойлау қабілетін арттыру. Шығармашылықты ынталандыру. Әртүрлі заттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.  
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Сиқырлы пішіндер"
09
октябрь
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Сиқырлы пішіндер"
Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымд арын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-әркет: "Ұлттық бұйымдар"
07
ноябрь
2024
Ұйымдастырылған іс-әркет: "Ұлттық бұйымдар"
Ұлттық қолөнерді үйрету барысында дәстүрлі әдістерді заманауи педагогикалық технологиялармен ұштастыру зерттеудің негізгі жаңашылдығы болып табылады. Балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеу көбіне дәстүрлі оқыту әдістерімен шектеліп келді. Бұл зерттеуде оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында интерактивті, ойын, жобалық және саралап оқыту әдістері жаңаша тәсілдермен қолданылды.
Ұйымдастырылған іс әрекет: "Құрастыру"
06
октябрь
2023
Ұйымдастырылған іс әрекет: "Құрастыру"
Балалардың логикалық ойлауын, қол моторикасын дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға үйрету.  
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ғажайып үйшік"
02
февраль
2023
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ғажайып үйшік"
Мақсаты: құрастырудың әр түрлі әдістерін пайдалану, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.