12
ноябрь
2025
Әжелер мектебі: "Ұлттық тағам ұлт қазынасы"
Ұлттық тағамдарды білу, оны дайындау, дастарханға қою – бұл біздің рухани қазынамызды бағалау. Аналар мен әжелердің қолынан шыққан әрбір дәм – олардың мейірімділігі мен асыл ниеті, отбасылық дәстүрлерді сақтауға деген құлшынысы. Ол тағамдар арқылы біз ата-бабаларымыздың өмір салтын, табиғатпен қарым-қатынасын, салт-дәстүрлерін бойымызға сіңіреміз. Мысалы, бесікке бөленген сәбиге берілетін алғашқы ас, тойлардағы салтанатты дастархан, қонаққа арналған ерекше тағамдар – бәрі де біздің ұлттық кодымыздың бір бөлігі.

