Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Балауса"бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы :
8(72637) 24-1-77
Әдіскер :
+77713017504
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ертегі: "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"
04
декабрь
2024
Ертегі: "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"
 "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" атты ертегіні  Сәрсекүл әжеміз мектепалды тобының балаларына оқып берді. Әжеміз ертегі мазмұнын балаларға байыппен, мәнді етіп әңгімеледі. Балалар ертегіден құстарға жанашырлық танытуды үйренді. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Шығармашыл балалар"
21
ноябрь
2024
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Шығармашыл балалар"
Міндеті: балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұқыпты ,эстетикалық талапқа сай жұмыс жасауға үйрету.
Тәжірибе алмасу: «Асыл әже» жас аналарға әжелерден қыз тәрбиесінде кеңестер
20
ноябрь
2024
Тәжірибе алмасу: «Асыл әже» жас аналарға әжелерден қыз тәрбиесінде
Әжелерімізбен біріге отырып «Асыл әже» жас аналарға әжелерден қыз тәрбиесі туралы  кеңес алып тәжірибе алмастық. Бұл жердегі негізгі міндетіміз салт-дәстүрді сақтай отырып  өскелең ұрпақты тәрбиелеу. "Тәрбие -тал бесіктен" демекші, қыз бала тәрбиесіне аса көңіл бөлу.
№2 педагогикалық кеңес
13
ноябрь
2024
№2 педагогикалық кеңес
ТАҚЫРЫБЫ: Баланың өмірі мен денсаулығы,  ұлттық ойындар арқылы бала белсенділігі.          Өткізілу түрі: Іскерлік ойын Міндеті: физикалық қабілеттерін жан-жақты және оңтайлы дамыту, ойын және ойын жаттығулары арқылы балалардың шаршауын жеңілдету және эмоционалды белсенділігін арттыру арттыру. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет
08
ноябрь
2024
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Тақырыбы: "Бес кеней" ойыны. Міндеттері: "Бес кеней" ойыны арқылы балалардың өз денсаулығына деген саналы көзқарасын және тұрмыс-салт, ұлттық ерекшеліктерді, таным-түйсігін қалыптастыру, жеңіл, әрі ырғақпен жүру, жүгіру дағдыларын арттыру, ойынның түрлерін ұйымдастыра отырып бір-біріне деген жанашырлыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекет
08
ноябрь
2024
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекет. Тақырыбы:  "Күзгі серуен " Міндеті:  түстерді және геометриялық пішіндерді танып дұрыс атай білуге үйрету, қолдың кіші моторикасын , ойлау қабілетін, көзбен қабылдау бейімділігін жетілдіру, балаларды ұлттық салт-дәстүрлерін  сақтай отырып, ұлттық ойындар арқылы өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, балаларға күзгі табиғат ерекшеліктерін түсіндіре отырып, табиғат сұлулығын сезіне білуге , ойын арқылы балаларды адамгершілікке, адалдыққа , әділдікке тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекет
07
ноябрь
2024
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Тақырыбы: "Сиқырлы орман" Міндеті: массажды жодармен жүру арқылы балалардың денсаулығын дамыту, сурет салуда ұқыптылыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаны танып, білуге үйрету.
Ұйымдастырылған іс-әрекет
07
ноябрь
2024
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Тақырыбы: "Қасқыр мен лақтар" Міндеттері: ертегі арқылы бала қиялын. шығармашылығын арттыру, жағымды эмоционалдық көңіл-күй сыйлап , балалардың белсенділігін арттырып, қимыл-қозғалыстарын жетілдіріп, жылдамдыққа , шапшаңдыққа үйрету