17
сентябрь
2026
Мектепке саяхат: «Қызықты кітаптар әлемі» мектептің кітапханасына саяхат.
Баланың мектепке психологиялық, әлеуметтік және дене дайындығын қалыптастыру. Өз ойын еркін жеткізуге, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасауға, бірлесіп әрекет етуге үйрету. Дербестікке, жауапкершілікке, өзін-өзі күтуге және бастаған ісін аяқтауға дағдыландыру. Мектепке, мұғалімге және оқуға жағымды көзқарас қалыптастыру. Тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибе алмасуын, бірлескен іс-шараларын ұйымдастыру. Ата-аналарға баланы мектепке дайындау және бейімдеу мәселелері бойынша педагогикалық қолдау көрсету.





